Головизин үйі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Головизин үйі - Алматыдағы архитектуралық ескерткіш, көпес тұрғын үйінің үлгісімен салынған. 1908 ж. ірге көтерген. Ғимарат ағаштан салынған, тұғыр қабаты - кірпіш, Көше бұрышын көмкере, ассиметриялық құрылымды мекен-жай үлгісімен тұрғызылған. Доғаланып келген қабырғаның ортасынан күмбез орнаған. Қасбеттері белдеу және бағаналар жүйесімен әсемделген. Ұлы Октябрь соц. революциясынан кейін мұнда 2-балалар ауруханасы, одан соң балалар бақшасы орналасты. 1930 жылдан ҚазССР Халкомсовының шаруашылық басқармасының қарамағына көшті. Қазір мұнда Советтік балалар қорының Қазақ респ. бөлімшесі орналасқан. Головизин үйі республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттерінің тізіміне енген.

Дереккөздер

↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7