Гименомицеттер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гименомицеттер - жынысты көбеюдің нәтижесінде түзілетін споралары жемістік денесінің гимений қабатында ашық түзілетін саңырауқұлақтар тобы. Гименомицеттер бір жасушасында екі ядросы бар жіпшумағынан түзілетін жемістік денелері қалпақшадан, діңгектен тұрады. Барлық климаттық белдеулерде тараған, 12 мыңға жуық түрі бар. Сапротрофтар, микролизтүзушілер жəне өсімдік паразиттері түрінде өседі. Тайтұяқ тәрізді (дің саңырауқұлағы), қаспақ тәрізді (үй саңырауқұлағы) болады. Гимений жетілетін орны гименофор қалпақшасының астында тақта, дің саңырауқұлағының төменгі бетінде түтік тәрізді, қаспақ тəрізділерінің бетінде қыртысты, қатпарлы болады. Гимений қабаты базидия (бір клеткалы), оның төбесінде əрқайсысы аяқшада (стеригма) жетілген 4 базидиоспоралардан, жалған парафизалардан бедеу жасушалар жəне ірі жасушалар цистидтерден тұрады. Оның астында майда жасушалардан тұратын субгинемий қабаты болады. Тақта тәрізді гименефордың екі бетінде де гимений қабаты бар; субгинемийден ішке қарай бос шумақталған жіпшелермен тұратын трама болады. Гименомицеттерге саңырауқұлақ деген ұғымның негізін қалыптастыратын қақпақшалы діңгекті, тұяқ, қаспақ тəрізділері жатады. Жеуге жарайтындары да бар. <ref> Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. </ref>

Дереккөздер