Гидрохимиялық шашырау ореолдары
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Гидрохимиялық шашырау ореолдары — құрамында біршама көбірек мөлшерде (фонмен салыстырғанда) кенжаралу элементтері: К, Na, Мg, Сu, Zn, РЬ, Ғе, Мо, U және т.б., сульфат-ион, хлор-ион және т.б. болатын жер асты және жер үсті суларының таралу аймақтары. Гидрохимиялық шашырау ореолдары химиялық элементтер мен қоспалардың еруінен және олардың кен-денелерден, сондай-ақ алғашқы және қайта түзілген шашырау ореолдарынан сумен бірге ілесіп шығуынан пайда болады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>
Дереккөздер
<references/>