Гидротехникалық имараттар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гидротехникалық ғимараттарсу қорын дұрыс пайдалану үшін қолданылатын гидротехникалық құрылыстар немесе судың зиянды әсеріне қарсы жүргізілетін құрылыстар кешені; гидротехникалық имараттар арқылы судың деңгейі, су өтімі су ағынының бағыты және оның жылдамдығы реттеледі, су тұнбаларының режімі басқарылады.

Гидротехникалық ғимараттың негізі — тау жынысытың шомбал бөлігі, тұрғызылатын гидротехникалық ғимараттың массалық және басқа да түсетін күшті қабылдайтын тау жынысы. Олар жартасты, жартылай тасты және тассыз болып бөлінеді.
Гидротехникалық имараттардың өзгерісі — гидротехникалық имараттардың кейбір бөліктері мен негізгі құрылысының бастапқы жоспарланған жағдайынан сыртқы күштің әсерінен, топырақтың шөгуінен, табиғи, климаттық және т.б. факторлардың әсерінен өзгеруі.
Гидротехникалық ғимараттардың бүлінуі — мелиорациялық жүйедегі гидротехникалық құрылыстың тозуынан немесе басқа сыртқы күштің әсерінен бұзылуы.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гидротехникалық имараттар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}