Гидромуфта
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:ГИДРОМУФТА.GIF
Гидромуфта
Гидромуфта (Үлгі:Lang-el су + муфта) — айналмалы қозғалыс беруге арналған гидравликалық құрылғы.
Ол айналдыру сәтін жетекші біліктен жетектелуші білікке жеткізеді. Гидромуфтаға түсетін күш шамасын немесе оның жұмыстық тетігінің геометриялық сипаттамаларын өзгерте отырып, жетектелуші біліктің айналу жылдамдығын реттеуге болады. Гидромуфта көлік, жүк көтергіш, құрылыс және жол машиналарында т.б. қолданылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>
Гидромуфта - берілетін айналдырушы иінді күшті өзгертпей беретін гидродинамикалық беріліс.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.</ref>
Дереккөздер
<references/>