Гидрометриялық тұстама

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гидрометриялық тұстама — су объектісіндегі (өзен, канал) ағыс жылдамдығын, су шығынын анықтау және басқа да гидрометриялық байқаулар үшін жабдықталған көлденең қима. Гидрометриялық тұстама орналасқан жер өлшеулерді жүргізудің ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және белгілі бір шарттарға жауап беруі тиіс. Осы шарттар орындалған жағдайда ғана өлшеулердің қажетті дәлдігі қамтамасыз етіледі. Гидрометриялық тұстама арнаның табаны астау тәрізді әрі берік болуымен бірге, арнаның түзу сызықты телімінде, ағыстың орташа бағытына тігінен орналастырылады. Гидрометриялық тұстама арнадағы ағынды түгел (басты арна, салалар, тарамдар, жайылма) қамтуға тиіс. Гидрометриялық тұстамада өлшенген су өтімі осы гидрометриялық тұстамада немесе оған жақын жерде орнатылған деңгейлік өлшеуіш өлшенген су деңгейіне бір мезгілде жатқызылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гидрометриялық тұстама|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}