Гидрологиялық карталар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Анықтама

Гидрологиялық карталар — құрлықтағы жер беті суларының таралуын, динамикасын, құрамы мен қасиеттерін (мысалы, өзендердің сулылығы, қатты ағынды, өзен суларының химиялық құрамы, олардың температуралық және мұз жүргілері) сипаттайтын карталар; гидрометриялық және гидрометеорологиялық байқауларды қорыту мен гидрологиялық зерттеулер нәтижесі. Аумақтардың жеке бөліктерінің су ресурстарын бағалау және гидротехникалық имараттар мен мелиорациялық объектілерді жобалау кезіндегі инженерлік-гидрологолиялық есептеулер үшін жасалады. Гидрологиялық карталарда зоналық үлестірімдегі гидрологиялық сипаттамалар мен ағындының есептік мәндерін анықтауға қажетті аудандау көрсеткіштері қамтылады. Гидрологиялық карталарға: жылдық және маусымдық ағынды қалыбының, өзен желісі жиілігінің, өзен еңістіктерінің, су лайлылығының, табиғи сулардың минералдылығы мен химиялық құрамының, ағын сулардың қату және құрғау, жауын-шашын, құрлық және су бетінен буланудың, ағынды коэффициенттерінің, гидрологиялық аудандаудың карталары жатады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Қосымша

Гидрологиялық карталар - құрлықтағы жер үсті суларының таралуын, серпінін, режімін, құрамын, касиетін (мысалы, өзендердің сулылығын, катты ағынын, өзен суларының химиялық құрамын, термиялық және мұздық режімін) және қорларын бейнелейтін карталар. Гидрологиялық карталарға гидрографиялық (жалпы көлдердің, өзен торының, су жиналу алаптарының), гидрологиялық зерттеулік, су режімі, мұздану режімі, жеке гидрологиялық құбылыстардың, судың физикалық-химиялық сипаттамаларының, су ресурстарының су балансын аудандаудың карталары жатады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гидрологиялық карталар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}