Гидрогеология және гидрофизика институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гидрогеология және гидрофизика институты - У.М. Ахмедсафин атындағы – Қазақстан Ғылым Академиясының Геологиялық ғылымдар институтының құрамында 1940 жылы ұйымдастырылған гидрогеология секторы негізінде 1965 жылы құрылған. Ғылыми-зерттеулер жұмыстарының негізгі бағыттары – аймақтық гидрогеология, гидрогеохимия, мелиоративтік гидрогеология, гидрогеодинамика, гидрофизика және су балансы мәселелерін зерттеуге арналған.

Институт ғалымдары Қазақстандағы жер асты суларының қалыптасу заңдылықтарын ашты, артезиан сулары мен грунт суларын халық шаруашылығының әр түрлі салаларында тиімді пайдалану жолдарын дәлелдеді;

  • жер асты суларында сирек және өте сирек элементтердің таралуын анықтаудың гидрогеохимиялық әдістерін тапты және осы әдістерді мұнай-газ, т.б кендерді іздеу-барлау істерінде қолдануға болатындығын анықтады;
  • суғармалы жерлерге қажет су, тұз мөлшерін анықтау мәселелерін, егістікті сор басу, батпаққа айналу процестерін зерттеді және бұл процестердің алдын алу шараларын ұсынды;
  • ыстық және минералды сулардың таралуы мен пайда болу қорлары зерттелді және осы суларды жылу беру, жылыжайларда пайдалану, шипалы су ретінде қолдану мүмкіндіктері анықталды.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гидрогеология және гидрофизика институты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}