Гидравликалық тасымал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гидравликалық тасымал — су ағынымен (құбыр немесе каналмен) қатты заттарды тасымалдау. Ол кен өндіру, топырақтан құрылыс объектілерін салу, өзен-көлді шөгіндіден тазарту, қант және спирт заводтарында қант қызылшасын, картоп, астық тасымалдау, қазанды күлден және қождан тазарту сияқты жүмыстарда пайдаланылады. Гидравликалық тасымал қысымсыз және кысымды болып белінеді. Қысымсыз гидравликалық тасымалда материал еңіс орнатылған, іші сұйыққа жартылай толтырылған құбыр, канал немесе науа арқылы ағызылады. Бұлардағы кысым қалыпты атмосфералық қысымнан артпайды. Қысымды гидравликалық тасымал құбырларында сорғы арқылы қалыпты жағдайдағыдан артық қысым жасалады. Бұл әдіспен жүкті едәуір алысқа (мыс., АҚШ-та көмір 173 км- ге, кен (руда) 115 км қашықтыққа) тасымалдауға болады. Гидравликалық тасымалдың жұмыс өнімділігі мол, құрылысы қарапайым, пайдалану шығыны аз. Бірақ оған көп мөлшерде су және электр энергиясы шығындалады. Бұл тәсілмен кез келген материалды тасымалдай беруге болады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гидравликалық тасымал|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}