Гидравликалық дүмпуді бәсеңдеткіш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гидравликалық дүмпуді бәсеңдеткіш — гидравликалық дүмпудің өсерін кемітуге арналған құрылғы немесе сақтандыру шаралары. Құбырдағы су арынының жылдамдығын өзгерту кезінде су өткізгіш кранды бірден ашып-жаппауды қадағалау қажет. Өйткені көп жағдайда бағыттаушы аппараттағы кран бірден жабылса, турбинаның айналу жиілігі күрт артып, оның істен шығуына әкеліп соқтырады. Мұны болдырмау үшін құбыр желісінде қысым артқан кезде автоматты түрде өздігінен ашылатын сақтық клапанын орнатады. Құнының кымбаттығына байланысты кейде оны сақтық диафрагмасымен алмастырады. Сақтық диафрагмасының ерекшелігі — қалыпты қысымды үстап тұруға шыдас беріп, кенеттен гидравликалық дүмпу пайда болған кезде ортасынан қақ бөлінеді, сөйтіп құбырдағы арынды су жерге төгіледі, мұның есесіне құбыр желісі апатқа ұшырамайды әрі оны алмастыру оңай. Гидравликалық дүмпуді бәсендетудің бұдан баска да төсілдері бар. Жалпы, гидравликалық дүмпудің айрықша қуатын гидротехникалык құрылымдарда кеңінен қолданады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гидравликалық дүмпуді бәсеңдеткіш|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}