Гжель керамикасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гжель керамикасы — орыс халқының қолөнерінің дәстүрлі керамика жасау әдісі. Өзінің ерекшелігімен, стилімен айқындалады. Көп ғасырлар бойы Ресейде бұл өнер "гжель" деген атпен аталып келе жатыр. Қазақ өнеріндегі саз балшықтан жасалынған көзешілік өнері сияқты, бұл өнер түрі де дəл осы жолмен жасалады.

Гжель бұйымдарның бояуы көк және ақ түсті болады. Бұл тамаша түстер ерекше қанық болады. Кез-келген жанды қайран қалдыратын гжель өрнектері бір-біріне ұқсамайды. Оның əрбір салынған бөлігі бірін-бірі айқындап, əрлеп, байыта түседі. Гжель бұйымдары көбіне өсімдік өрнектерімен əшекейленеді. <ref>Бейнелеу өнері: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық/3-басылымы, өңделген. -Алматы: Атамұра, 2011.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Commons