Ге Бон У

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ге Бон У (1.8.1880, Хам хын провинциясы, Енг-Хынг уезі – 1959, Қызылорда қаласы) – әдебиетші, Корея республикасының батыры. 1888 – 98 жылы жекеменшік мектепте білім алған. 1903 – 06 жылы Корей және Қытай тарихтарын зерттеді. 1907 жылы «Синмихеп»Жаңа халық қоғамы») атты астыртын ұйымның мүшесі болды. 1910 жылы Жапония Кореяны басып алғаннан кейін Ге Бон У жолдастарымен бірге алғашында Қытайға, одан кейін Ресейге (Чита қаласына) өтті. 1920 жылы Чита республикасында корей халқы мәселелері бөлімін басқарады. «Жаңа адам» атты корей журналының редакторы болды. 1924 – 30 жылы Владивосток қаласында мұғалім, 1931 жылы «Корейлердің діни мейрамдары» кітабын, 1939 жылы «Корей тарихы» атты екі кітабын жазды, үшінші кітабын 1952 жылы жазып бітірді. 1937 жылы Қазақстанға жер аударылады. Осы жылдары Генің «Ұйқыдағы түс», «Алмас таулар» «Корей әдебиеті тарихы» (екі томдық), «Корей сөздерінің жазылу тәртібі» тағы да басқа кітаптары жарық көрді. «Докниптян»Тәуелсіздік») орденімен марапатталған (1995).

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”,

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ге Бон У|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}