Герасим Андреевич Югай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Югай Герасим Андреевич (28.7.1931 ж.т., Ресей, Владивосток қ.) – философия ғылымының докторы (1965), профессор (1968). ҚазМУ-дың философия-экономика факультетін (1954, қазіргі ҚазҰУ) және КСРО ҒА Философия институтының аспирантурасын (1957) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Философия және құқық институтында (1958–69, қазіргі Философия және саясаттану институты) ғылым қызметкер, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары, Пущино қаласындағы КСРО ҒА Биология ғылыми-зерттеу орталығынданда топ жетекшісі (1969–71), Мәскеу қаласындағы Медицина стоматология институты (1971–81) мен Сырттай оқытатын кеңес саудасы институтында (1981–86) кафедра меңгерушісі, Бүкілодақтық ауыл шаруашылық ғылым академиясында (1986–93, қазіргі Ресей ауыл шаруашылық ғылым академиясы), Ресейдің Ұлттар ісі министрлігінде сектор меңгерушісі (1993–94) болып жұмыс істеді. 1995 жылдан Еуразия институтының ректоры және Ресей Табиғат ғылымдары академиясы ғылым орталығының директоры қызметін атқарады. «Проблема целостности. (Философский анализ)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Югайдың ғылым-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты – биология мен социологияның филосософиялық мәселелері. 120-дан астам ғылым жарияланымның, оның ішінде бірқатар монографиялар. Ресей Табиғат және Халықарының қоғам мен табиғат ғылымдар академияларының толық мүшесі болып сайланған. <ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>

Шығармалары

  • «Проблемы целостности. Философский анализ», 1962;
  • «О категориях части и целого», 1963;
  • «Философские проблемы теоретической биологии», 1976;
  • «Антропосоциогенез: философские и психологические аспекты», 1982;
  • «Общая теория жизни», 1985;
  • «Капитал» К.Маркса и методология научного исследования», 1968;
  • «Человек и медицина», 1982, екеуінің де телавт.;
  • «Средний путь России. Конвергентное общество», 1998, т.б. авторы.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Герасим Андреевич Югай|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}