Георгиос Леонардос

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Жазушы

Георгиос Леонардос (Үлгі:Lang-el) – грек журналисті және әдебиетшісі. 1937 жылы 20 ақпанда дүниеге келеді.<ref>http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B3%D0%B8%D0%BE%D1%81_%D0%9B%D0%B5%D0%BE%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%B4%D0%BE%D1%81</ref>

Өмірбаяны

Әңгімелерін алғаш рет 1953 жылы күнделікті шығатын александриялық «Тахидромос» («Пошташы») және «Анатоли» («Шығыс») газеттерінде шығара бастады. Грекияға келген соң бастапқыда физика-математика факультетіне түседі. Алайда 1959-1961 жылдар аралығында Спирос Меластың басшылығымен грек-американ институтының журналистика факультеті дәрістеріне қатысады. Халықаралық жаңалықтар редакциясында жұмыс жасап, кейін «Катимерини» (1961-1964) грек орталық газетінің саяси шолушысы болып жұмыс жасайды.

1964-1967 жылдары Белградта Афина Жаңалық Агенттігінде (ANA) тілші болады. Грекияға оралған соң «Навтэмборики», «Апогевматини», «Элефтеротипия», «Месимврини», «Этнос» және «Элефтерос Типос» газеттерінде халықаралық жаңалықтар редакциясының басшысы болады. Сонымен қатар «Кердос» экономикалық газетіне де мақала жазады.

Георгиос Леонардос негізінен тарихи шығармалармен шұғылданатын. Ол Афинаның журналистер Одағына мүше. 2008 жылы оның "Соңғы Palaeologue" тарихи романы мемлекеттік жоғарғы сыйлығына ие болды.

Кітаптары

  • Əжемнің қызыл түсті қонақжайы
  • Үңгірлердегі үй
  • Eba
  • Магниттік полюстер
  • Жердегі көңілдестер
  • Жанымдағы əн

Тарихи романдары

  • Пират Барбаросса
  • Мария Магдалина
  • Мара, Christiani фаворитка
  • Ұйқыдағы сұлу Мистраса
  • Михаил VIII Азат етуші Палеолог
  • Палеологтар
  • Соңғы Палеолог
  • София Палеолог – Византиядан Ресейге

Зерттеуі

  • Роман құрылымы

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}