Георгий Стойков Раковский

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Георгий Стойков

Георги Стойков Раковский (сәуір 1821 Котел — 9.10.1867, Бухарест) — болгар революционері. Стамбұлда грек училищесінде оқыды. 1841 ж. Афинада Болгария және Грекияда түріктерге қарсы азаттық көтерілісін ұйымдастыруға арналған астыртын ұйым құрды. Сол жылы Браилде (Румыния) түріктерге қарсы ереуілді басқарды. 1853 ж. Болгарияда түріктерге қарсы көтеріліс ұйымдастыруға әрекет жасады. 1854 ж. Стара-Планинде көтерілісшілер отрядын басқарды. 1861—62 ж. алғашқы Болгар легиясын құрды. Азаттық жолындағы күресте балқан халықтарының туысқандық ынтымақтастығы идеясын дамытты.

Ұрпағы

Г.С. Раковскийдың немересі атақты революционер Христиан Раковский.

Ескерткіші

Болгария Республикасында Г.С. Раковскийдың құрметімен жоғарғы әскер мектебіне есім берілді.

Украинаның Болград қаласында Г.С. Раковскийдың атымен ашылған мектеп бар.

Шығармасы

Шығарма — София, 1922

Дереккөздер

Үлгі:References