Георгий Евгеньевич Львов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Georgy Lvov, 1918.jpg
Георгий Евгеньевич Львов

Георгий Евгеньевич Львов (1861 жыл 2 қараша - 1925 жыл 7 наурыз, Париж) - 1917 жылы буржуазиялық Уақытша үкіметтің төрағасы, князь, Туланың ірі жер помещигі.

Саяси жолы

1888 жылдан Тула земствосының мүшесі. 1902 - 1905 жылдары Тула уездік земство басқармасының төрағасы. 1-Мемлекеттік думаның депутаты, Кадет партиясының мүшесі. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Земство одағының төрағасы және Буржуазия-помещиктік земство мен қалалар одағы басшыларының бірі. 1917 жылы буржуазия Уақытша үкіметті басқарған кезде халыққа жат империалистік саясат жүргізді, өрістеп келе жатқан социалистік революцияның қас жауы болды, шаруалардың революциялық қозғалысын қарулы күшпен басуды ұсынды. Қазан революциясынан кейін Францияға эмиграцияға кетті.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 7 том </ref>

Дереккөздер

<references/>