Георгиевка каналдары

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Георгиевка каналдарыҚырғызстан мен Қазақстан аралығындағы ірі суару-суландыру жүйелерінің бірі. Канал қүрылысы 1931 жылы басталып, 1935 жылы пайдалануға берілген. Георгиевка каналдарының Шу өзеніндегі бөгеттен екі тармаққа бөлінген жеріне дейінгі аралығы — 4,2 км, табаны — 12 м, терендігі — 2,5 м. Қордай ауылының тұсында канал оң және сол тармақтарға бөлінеді. Каналдың оң жақтағы үзындығы 40,5 км, табаны — 1—3 м, терендігі — 1—1,77 м, су өткізгіштігі — 7,92 м³/с. Каналдың сол жақтағы ұзындығы — 48,7 км, табаны — 7—12 м, терендігі — 0,7—2,5 м, су өткізгіштігі — 11—31 м³/с. Георгиевка каналдары арқылы Қордай ауданының мыңдаған га егістігі суарылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref> <references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub