Геоморфологиялық аудандау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ АУДАНДАУаумақты қайталанбайтын, бедердің жергілікті ерекшеліктерімен сипатталатын өзіндік аудандарға бөлу; климатқа, өсімдік жабынына, іргетастың құрылысы мен платформалық тысқа, қопсық жамылгының жатысына, адамдардың әрекетіне және т.б. байланысты. Геоморфологиялық аудандаудың мынадай таксонометриялық жүйесі ұсынылған:
1) провинциялар — негізінен тұтас геоқұрылымдық бірліктерге сәйкес келетін және бедердің жалпы сипатымен ерекшеленетін ірі аумақтар;
2) алқаптар — негізінен мезобедер ерекшеліктері бойынша бөлінеді;
3) аудандар — өзіндік ерекшеліктері бар аумақ бірліктері.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Қосымша

Геоморфологиялық аудандау — Жер шарының бетін немесе қандай да бір аймақты бедердің сырт пішіні мен даму тарихы біршама біртекті болып келетін телімдерге бөлу. Геоморфологиялық аудандау кезінде физикалық-географиялық, геологиялық факторлар (климат, өсімдік, аумақтың тектоникалық активтілігі, тағы да басқалары) есепке алынады. Әдетте Геоморфологиялық аудандау әр деңгейдегі таксондарга (геморфологиялық провинция, атырап, аудан) бөлінетін көп сатылы болады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub