Геометриялық оюлар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Геометриялық өрнектерді ромбылар, иректер, жұлдызшалар, ұшбұрыштар және көпбұрыштар құрайды. Қазақ ою-өрнегінің геометриялық түрі көшпелі халықтарға байырғы заманнан-ақ нақты сандар мен грек математигі Пифагор заңдарының белгілі болғаны туралы мағлумат береді. Өйткені біздің ата-бабаларымыз тек көшіп-қонып қоймай, сонымен қатар ірі қалаларда өмір сүрген. Олардың арасында қолөнершілер,саудугерлер,құрылысшылар көп болған. 
Өсімдікті оюлармен араласқан геометриялық өрнектерді Бабажы-қатын (Х-ХІғғ.), Айша бибі (ХІ-ХІІғғ.),Қожа Ахмед Иассауи (ХІІІ-ХІVғғ.), және т.б. монументті құрылыстардан көруге болады. 
Геометриялық ою-өрнектерді көбіне ағашты көркемдеп өңдеуде,уй-іші мен жиhаз бұйымдарын, музыкалық аспаптар мен аңшылық саймандарды әшекейлеуде өте жиі қолданылады.
Геометриялық ою-өрнектердің  соңғы жақтары сопақ жұмырланған қисық сызықтар сынығынан тұрады. Олар ирек (ирексу) деп аталады. Ирексудың шегі болмауы мүикін. Олармен бешпеттерді,камзолдарды, шапандарды және тақияның жиегін, сондай-ақ сақина,білезік, қапсырма, алқа секілді зергерлік буйымдарды, ши тоқымаларын, сырмақтарды,кебежені, жұқааяқтарды, ыдыс-аяқ пен киім-кешектерді әшекелейді.