Геологиялық ғылымдар жүйесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Геологиялық ғылымдар жүйесі Геологиялық зерттеулер негізі үш бағытта жүргізіледі. Тау жыныстарын, минералдарды, геологиялық құрылымдарды (қатпарлармен жер жарықшақтарын) қазба байлықтарды, түрлі геологиялық денелереді (қат-қабаттар, интрузивтер, желілерді) олардың жер бетінде және кеңістікте орналасу мен өзара байланысын анықтау және жазбаша сипаттамасын беру, картаға түсіру, мәселелрімен сипаттама геология шүғылданады.<ref name="source1">Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref> Жер бетіндегі (экзогендік) және оның қозғалыс процестерін динамикалық геология зерттейді. Бұл процесстерге өзен, теңіз, мұхит суы, жауын шашын, жер сілкіну, жел тағы басқа әсерінен жер бедерң мен су жиегінің өзгеруі тау жыныстарының үгілуі, жылжуы, және шөгуі, сондай-ақ жер қойнауының күштері әрекетінен тау жарылу, қатпар түзілу, вулкан атқылау, құрлықтар мен теңіздердің жылжыу құрлық ойыстары мен мұхит шұіғымаларының майысу сияқты құбылыстар жатады. Жер қыртысының жарылыун геологиялық даму сатыларын бұрынды-сонды орын тепкен геотектоникалық, палеогеографикалық, палеогеоматологиялық, палеоклиматеологиялық палезоолеолық, және палебатонакалық жағдайларды олардың жер қыртысы жарала бастағаннан бергі өзгеру, даму заңдылықтарын тарихи геология зерттейді. Аталған үш бағыт бір-бірімен тыңыз байланысты. Геологиялық ғылымдар жүйесі негізгі 4 топқа бөлінеді.

Сурет:Brunton.JPG
Гео компасс

Бірінші топ

Бірінші топқа жер қыртысының заттары мен құрылымын зерттейтін ғылым тараулары жатады олар:

  • табиғатта кездесетін тұрақты химиялық қосылыстар тұралы ілім- минералогия;
  • минералдар мен табиғатта таза элемент күйінде тараған заттардың (мыс, алтын, платина, алмас) кеңістіктегі сыртқы пішіні мен ішкі құрылымын зерттейтін ғылым –кристаллография;
  • геологиялық денелердің қатпарлар құрылымдар мен тектоникалық жарықшақтардың кеңістікке ораласуын анықтайтын құрылымдық геология;
  • тау жыныстарының минералдық және химиялық құрамын құрылысын, физикалық қасиеттерін, жаралу тегін кейіннен болған өзгерістерін зерттейтін ғылым – петрография.

Екінші топ

Екінші топқа қозғалыс процестері мен құбылыстарға байланысты ғылымдар кіреді. Олардың бастылары мыналар: тектоника жер қыртысындағы қозғалыстарды солардың салдарыныан пайда болатын геологиялық құрылымдарды, қатпар түзілу, жаралу, процестерді зерттейді, оның аса ірі қозғалыстарымен (мыс, құрлыұтармен мұхиттардың жылжуы бүкіл жер шарыныі немесе оның байтақ бөліктерін қамтитын өте үлкен геологиялық құрылымдардың пайда болуы) шұғылданатын саласы геотектоника ал антропоген дәуірі мен осы күнгі жер қозғалыстарын сипаттайтын тармағы неотектоника деп аталады. Вулканология жер бетіндегі әрекетті және сөңген вулкандардың орналасуын анықтайды, вулкан атқылау процесстеріне және осының нәтіжесінде жер қойнауынан шығып жатқан магма, вулкан бомбалары мен күліне ыстық сулар мен газдарға бақылау жүргізеді. Геофизиканың дербес саласы сейсмология арнаулы аспаптарымен приборларымен жер сілкіну құбылыстарына оның қай жерлерде қандай күшпен өтетіндігіне бақылау және болжам жасап, осы тұрғыдан қаупті аймақтарды күні бұрын анықтау мәселелерімен айналысады.

Сурет:PDA Mapping.jpg
Электрондық геология құралы

Үшінші топ

Үшінші топқа тарихи бағытта жүргізілетін стратиграфия, палеогеография, төрттік кезең геологиясы жатады. Стратиграфияның негізгі мақсаты – шөгінді жыныстардан құралған жер қабаттарының құрамын олардың бірінен соң бірінің үздіксіз немесе үзілісті қат қабаттану ретін сондай-ақ салыстырмалы палентология мен абсалюттік геохранология тәсілдеріне сүйене отырып сол қабаттардың геологиялық жасын анықтау. Стратиграфияның шөгінді жыныстардың құрамын құрылысын арнаулы тәсілдермен зерттейтін саласы – литология. Литологиялық зерттеулер мұнай, газ, шөгінді қазба байлықтарын іздеуде үлкен ролі атқарады. Палеогеография - геология, палентеология, геоботаника деректері негізінде өткен дәуірлерде жер бетінің әр түрлі аймақтарында болған физика-географиялық жағдайларды анықтаумен шұғылданады.<ref name="source2">Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Төртінші топ

Жер тарихиның ең соңғы кезеңін антропогенде пайда болған тау жыныстарын геологиялық процесстерді (мыс, жерді мұз басу) жануарлар мен өсімдік дүниесін төрттік геология зерттейді. Халық шаруашылық қажеттеріне тәкелей байланысты төртінші топтағы ғылымдар; пайдалы қазбалар туралы ілім (мұның өзі кең түріне қарай тас көмір геологиясы, қорымдық кендер геологиясы және металл кендерінің пайда болуы мен орналасузаңдылықтарын зерттейтін металлогения сияқты салаларға бөлінеді) жер асты суларының қалыптасуын құрамын, қозғалысынжәне тау жыныстары арасында орналасуын, ыстық және минералды бұлақтарды зерттейтін гидрогеология,әр түрлі күрделі құрылыстар мен гимараттарды жобалауға, салуға қажетті грунттың физика-механикалық қасиеттерін тексеретін инженерлік геология, геологиялың деректерді әскері іске пайдалану мәселелерімен айналысатын әскери геология. Жер бетінің кең байтақ бөліктерінің (мемлекеттер мен республикаларының территориясы, платформалары, қалұаңдар, қаптарлы жүйелері тағы басқа ) геологиялық картасын жасап, бір тұтас сипаттама беру мақсатында жүргізілетін аймақтық геологиялық зерттеу тәсілдерімен қолданылатын қарал-жабдықтардың ерекшіліктеріне және теңіз бен мұхит түбіндегі байлықтарды іздеу, игеру ісінің соңғы кезде қарқынды дами бастауына байланысты туған теңіз геологиясы ғылымдар жүйесінің біршама оқшау орын алады. Бұл аталған геологиялық ғылымдар мен дербес салалардан басқа олардың толып жатқан жаңа тармақтары бар. Бұлар геологияның өз ара салалары арасынан сондай-ақ әр түрлі жаратылыс тану ғылымдарының ұштасуынан таралады. Мысалы; петрографиялық магма текті шөгінді және өзгерген жыныстарды зерттейтін салалары, сондай-ақ магма текті жыныстардың таралу процесстерін физикалық-химиялық және динамикалық тұрғыдан зерттейтін саласы –петрология, ал тау жыныстарында жаралғаннан кейін болатын өзгерістерді зерттейтін метаморфизм және оның тармақтары автометаморфизм, аймақтық метаморфизм, автометасоматоз, гидротермалдық метаморфизм, контақтылық (жапсарлық) метаморфизм, эксперимент нәтижесінен туған эксперименттік минерология, петрология, тектоника, зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдаудан шыққан аэрорадиогеология, радиогеология, радиогидрогеология, палемагнетизм, тектонофизика тағы басқа.

Геологияның басты міндеттері

Геологиялық ғылымдар жүйесінің оның ішінде совет геологиясының алдында тұрған басты проблемалары мен практикалық міндеттер былай; жер бетіне шығып жатқан кең байлықтарының азаюына байланысты жердің қойнауындағы (100 метрден астам ) қазба байлықтарына ғылыми болжау жасау оларды іздеу, ашу және игеру мезо-кайнезой дәуірлерінің борпылдақ жыныстары басып жатқан орасан зор жабық аймақтарды арнайы геофизикалық геохимиялық тәсілдерімен жүйелі тұрғыда бұрғылау арқылы жан-жақты зерттеу кен байлықтарын іздеу, табу, игеру осы,ан орайы пайдалы қазбалары туралы ілімінің оның ішінде металлогения мен мұнай геологиясының түбегейлі теориялық мәселелерін шешу. Жердің терең қабаттары мен жоғарғы мантиясын геофизикалық тісңлдерімен және аса терең скважиналар арқылы зерттеу; жердің су қабатындағы оны түбіндегі табиғи байлықтарды игеру мақсатымен теңіздер мен мұхиттарда жан-жақты зерттеу жүргізу, теңіз геологиясын дамыту, жердің терең қойнаундағы жылу энергиясын тікелейпайдалану, (вулканды аймақтарда жер қабаттарының шығып жататын скважиналардан алынатын ыстык сулар мен буды электр энергиясын өндіруге, тұрмыс қажетіне, тағы басқаға) пайдалану мәселелеріне байланысты геологиялық зерттеулерді күшейту, жердің жаралуы, эволюциялық даму тарихи мен заңдылықтары жөніндегі теориялық зерттеулерді онан ары тереңдету осыған байланысты геологиялық ғылымдар жүйесінің негізгі салалары бойынша түбегейлі теориялық проблемаларды шешу, геологиялық зерттеулер жүргізуде, геологиялық деректерді талдауда, табиғи процестердің модельдердің жасауда тағы басқа дәл ғылымдардың жетістектірін мысалы математика, статтистиканы, электрондық есептеуші машиналарды тағы басқаларды кеңінен қолдану. Геологияның методологиялық негізін нығайту, ғылыми техникалық жаңалықтарға сүйене отырып тікелей геологиялық және қосалқы тәсілдерді жан-жақты дамыту жаңа тәсілдер іздеп табу.<ref name="source3">“Қазақ Совет Энциклопедиясы”, ІІІ том</ref>

Дереккөздер

<references/>