Геологиялық формациялар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Геологиялық формациялар - генетикалық, парагенетикалық, стратиграфиялық тұрғыдан, немесе өзге де ортақ сипаттары тұрғысынан топтастырылған геологиялық денелер бірлестігі. Геологиялық формацияларды генетикалық бірлестіктер ретінде оқшаулау ұстанымдары төмендегі анықтамаға сүйенеді: "Геологиялық формация дегеніміз — түзілу жағдайының ортақтығымен (ұқсастығымен) сипатталатын, жер қыртысының басты-басты құрылымдық элементтері дамуының нақтылы сатыларында ғана калыптасқан тау жынысытардың генетикалық түрлерінің заңды және тұрақты түрде астасу бірлестіктері" .

Терминнің парагенетикалық бірлестік тұрғысынан дәйектелген анықтамасы: "Геологиялық формация дегеніміз — жер қыртысы құрамындағы жекелеген тау жынысы қабаттарының бір-бірімен парагенетикалық тұрғыдан астасу нәтижесінде түзіліп, уақыт пен кеңістікте жиі-жиі және тұрақты түрде ұшырасып отыратын, заттық болмысы мен құрылымдық сипаттары жағынан өз тұстастарынан біршама анық ерекшеленетін геологиялық денелер жиынтығы" .

Геологиялық формациялардың стратиграфиялық түсінігі: "Белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз қалыптасқан түзілімдерді біріктіретін нақтылы стратиграфиялық бірліктер жиынтығы тау жынысытардың формацияларын құрайды".<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub