Геологиялық тапсырма

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Геологиялық тапсырма Геологиялық кәсіпорындардың жұмыс жоспарындағы ең басты көрсеткіш. Геологиялық тапсырмаға сәйкес төмендегі көрсеткіштер жоспарлануы тиіс: барлаудың нақтылы нысандары бойынша пайдалы қазба қорларының өсімділігі (кен қорының төмен категориясын жоғары категорияға ауыстыру); бекітілген қордың мөлшері және осы жайлы геологиялық деректемені бекітуге табыстау мерзімі; әр түрлі масштабтағы геологиялық, геофизикалық т.б. түсірулерді жүзеге асыру аудаңдары; іздеу және барлау бұрғылауларына берілген аудандар саны; жасақтау жұмыстары аяқталып қалған терең бұрғылау ұңғымаларының жалпылама саны; мұнай мен газды іздеу бұрғыларын қоюға дайын тектоникалық құрылымдардың жалпылама саны және жүргізілу реті; басшы органдармен бекітілуі тиіс өзге де көрсеткіштер.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}