Геологиялық мұражай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Геологиялық мұражайҚаныш Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының ғылыми-зерттеу бөлімдерінің бірі. 1942 жылы Сәтбаевтың тікелей басшылығымен, қалауымен құрылған бұл мұражай - ұлы ғалымның келер ұрпаққа тастап кеткен, ғасырлар арасын жалғастырар асыл мұрасы. Бұқара қауымға геология ілімін насихаттап, жас ұрпақты Жер қойнауының құпиясын сезіп-білуге жетелеу - мұражайдың мәдени және ағарту қызметі болса, өндірістік игеру барысында жоғала бастаған минералдар мен тау жыныстарының үлгілерін сақтау - мұражайдың ғылыми маңызы мен мәні. 60 мыңға жуық экспонаттар геологияның негізгі салалары палеонтология, стратиграфия, интрузивтік кешендер, минералогия, кен орындары бойынша ғылым жүйемен сараланып қойылған.

Техниканың дамуына байланысты кендерді қайта зерттеу барысында мұражай коллекциялары ғылыми деректер көзі болып отыр. Мұражайдың осы қалыптасқан ғылыми бағыты мен бағдарын анықтауда үлкен бастаманың басы-қасында ұлы ғалымның әріптестері Н.Г.Кассин, М.П.Русаков, Р.А.Борукаев, Г.Ц.Медоев және тағы басқалары ғалымдар тұрды. Осыдан да мұражайдағы әрбір бөлімнің қалыптасуы сол ғалымдардың ғылым қызметімен, республиканың жер қойнауын зерттеу және игеру тарихымен сабақтас болып келеді. Мұражайдың ең бір құнды әрі бай бөлімі Қазақстанның минерагениясын толығымен сипаттайды. Бұл бөлімнің алғашқы экспозициялары Сәтбаевтың 1935-38 жылы аралығында Жезқазған бойынша жинақтаған коллекцияларынан басталады. Жезқазғанда мыс бар екендігі ерте заманнан белгілі болғанымен, кендердің шын мәніндегі құндылығын, келемділігін анықтап, баға берген - Сәтбаев.

Тау жыныстарының және әр түрлі кезеңдерде қалыптасқан кентастар мен минералдардың теңдесі жоқ коллекциялары бұл кенді толық сипаттап, ұзақ жылдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. Сондықтан академиктің ғылыми тұңғыш жұмысы болып есептелетін Үлкен Жезқазған коллекцияларында осы күнге дейін ғалымның қолтаңбасы, көңіл-күйі, арман-тілегі көрініс тапкан. Ал мұражай сөрелеріндегі Жезді мен Найзатас кендерінен алынған браунит үлгілері (марганец кентасы) соғыстың жай-күйін жеткізіп тұрғанымен, сол қиын да қыспақ заманда Сәтбаев басқарған геологтар тобының абыройы мен жеңіс үшін еткен қажымас еңбектерінің куәсіндей болып есептеледі. Жиі ұйымдастырылып тұратын уақытша немесе тұрақты көрмелер мамандардың ғана емес, халықтың да қалауынан шығады. Тылым мен мәдениетті біріктірген бұл мұражай келер ғасырда қоғам игілігіне әлі де ұзақ уақыт қызмет етпек.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Геологиялық мұражай|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}