Геоид

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Геоид (грек. geo — жер, eіdos — түр) — мұхит пен ашық теңіздердің тыныш қалпындағы (толқын, тасу-қайту, түрлі ағыс болмаған жағдайда) орта деңгейімен өтетін жердің пішіні.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref> “Геоид” терминін 1873 ж. немістің физигі И. Листинг енгізген. Геоид пішіні жер қыртысы массасының таралуына байланысты болатын тіктеуіш сызығының бағытымен анықталады. Жер қойнауындағы массаның дұрыс таралуын анықтаудың мүмкіндігі болмағандықтан, Геоид беті бір математикалық жүйеге келмейді. Осыған байланысты жердің физикалық бетін есептегенде Геоид беті математикалық дұрыс бетке немесе соған жақын келетін квазигеоид (геоидқа жақын бет) бетіне келтіріледі. Квазигеоид пішіні астрономия-гравиметрлік нивелирлеу әдісімен немесе жер бетінде жасалған гравиметрлік түсірімдердің нәтижелері мен жасанды Жер серігінің қозғалысын бақылау арқылы анықталады. Геоид деңгейі квазигеоид бетімен ашық теңіздер мен мұхиттарда бірдей болады. Құрлықтың жазық жерлерінде 2—3 см, ал таулы жерлерде 2 м-ге дейін абс. айырмашылық бар. Геоид бетінен абс. биіктіктің бастапқы санағы алынады. Қазіргі мәліметтер бойынша Геоид деңгейінің жер эллипсоидынан орташа ауытқу шамасы Ғ50 м-дей, ал ең көп ауытқуы Ғ100 м-ден аспайды.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub