Генри Томас Бокль

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бокль Генри Томас (1821-62) - ағылшын тарихшысы. Оның негізгі еңбегі «Ағылшын өркениетінің тарихы» 1861 ж. орыс тіліне аударылған. Семей облыстық кітапханасындағы данасын Абайдың оқығаны туралы А. А. Леонтьевтың американ жазушысы Дж. Кеннанға айтқан әңгімесінен белгілі.Бокльдің «Ағылшын еркениетінің тарихы» атты монографиясы 19 ғасырдың 2-жартысында зиялы қауымның ортасында ерекше ықылас аударды. Ондағы ағылшын қоғамының дамуы мен отарлау жүйесінің қалыптасуы, оның тарихи себептері, ғылым мен техникалық орны, өндірістік қарым- қатынастар мен танымдық кезқарас туралы пікірлері барынша пайымды тұжырым ретінде бағаланды. Абай бұл кітапты оқып, орыс достарымен пікір бөліскен, өзінің «Қара сезінде» Бокльдің индукция мен дедукция туралы ойын баяндап берген. Әуезов Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған мақалалары мен монографияларында Джон Кеннанның, А. Леонтьевтің, Көкбай мен Тұрағұлдың пікірлеріне сүйене отырып, Бокльдің зерттеуімен Абайдың таныс болғанын үнемі ескертіп отырады. «Абай жолы» роман-эпопеясында да Бокльдің қоғам туралы пікірін Абайдың сөзімен жеткізген. <ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref> <ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/> энциклопедиясы]]

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

[[Санат:Абай


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Генри Томас Бокль|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}