Генрик Ибсен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Генрик Ибсен (20.3.1828, Норвегия, Шиен – 23.5. 1906, Кристиансанн) – норвег драматургы.

Алғашқы драмасы – “Катилина” (1950). Мұнда Ибсен Еуропадағы 1848 жылғы халық қозғалыстары кезінде болған оқиғаларды көрсетті. 1850 жылы “Қаһарман қорған” атты бір актілі лирикалық драмасы сахнада қойылған. 1852 – 57 жылдары Берген қаласында елдегі тұңғыш ұлт театрын, 1857 – 62 жылдары Кристиансанндағы норвег театрын басқарды. Оның осы кезде жазған және сахнаға қойылған пьесаларының ішінде “Эстроттен шыққан Фру Ингер” (1855 – 57) тарихи драмасы мен “Сульхаугедегі той” (1856) лирикалық драмасының орны өзгеше. Ибсен 1864 жылы Италияға қоныстанды. Онда “Бранд” (1866), “Пер Гюнт” (1867) драммалық поэмаларын аяқтады. Саяси және тарихи-философиялық өлеңдер, “Кесарь мен галилеяндық” (1873), “Қуыршақ үй” (1879), “Құрылысшы Сольнес” (1892), т.б. драмалар жазды. Ибсен драматургиясы – 19 ғасырдың 70 – 80-жылдардағы Батыс Еуропа әдебиетінің биік шыңдарының бірі. Ол өзінен кейінгі драматургия мен театр өнерінің дамуына үлкен ықпал жасады. Б.Шоу, Г.Гауптман, т.б. драматургтер Ибсен тәжірибесінен үйренді. Ибсеннің “Қуыршақ үй”, “Елестер”, т.б. пьесаларын А.Тоқпанов, Қ.Ысқақов, т.б. қазақ тіліне аударған. Ибсеннің бірнеше шығармалары республика театрларының сахналарында қойылған.

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Генрик Ибсен|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}