Геннадий Николаевич Бабкин
Геннадий Николаевич Бабкин(13.8.1923 жылы туған, Павлодар қаласы) – химия ғылымның докторы (1976), профессор (1980), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері (1983). 2-дүниежүздегі соғысқа қатысқан. ҚазМУ-ды (1950, қазіргі ҚазҰУ) және Қазақстан Ғылым Академиясының аспирантурасын (1957) бітірген. Қазақ тау-кен металлургия институтында ассистент (1950–1954), Қазақ химия-технология институтында ассистент, кафедра меңгерушісі (1957), Қазақ политехнологикалық институтында доцент, кафедра меңгерушісі (1965), Жамбыл технолнологикалық институтының Алматы бөлімшесінде кафедра меңгерушісі (1984) қызметтерін атқарады. Оның негізгі ғылыми еңбектері электрхимия саласын зерттеу мәселесіне арналған. Бабкин 5 өнертабыстың авторы. <ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>