Геннадий Иванович Толмачев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Геннадий Иванович Толмачев (8.4.1939, Алматы - 2006) - жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты ҚазҰУ-ды (1963), КОКП ОК-і жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген (1972).

  • 1961 - 65 ж. "Казахстанская правда" газетінде,
  • 1965 - 69 ж. "Комсомольская правданың" Қазақстандағы тілшісі,
  • 1975 - 82 ж. "Огни Алатау" газетінің бас редакторы,
  • 1991 - 95 ж. "Народная Конгресс Казахстана" газетінің бас редакторы,
  • 1985 - 92 және 1995 - 1999 ж. "Простор" журналының бас редакторы қызметтерін атқарған.

"Простор" журналында повесі "Агроном из легенды" және "Четыре ночи тревоги" жарияланған. Ал 1974 ж. "Четыре ночи тревоги" деген атпен повестер жинағы, 1978 ж. "Дело в поцелуе" сықақ әңгімелер кітабы, "Не прощаюсь с друзьямн" (1990), "Повесть об Олжасе" (1995), "50 встреч с Д.А. Кунаевым" (1997), "Лидер" (Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев туралы деректі повесть, 2000), "Уж замуж невтерпещь" (2001) секілді повестері мен әнгіме-естеліктер кітабы жарық көрген. О.Әубәкіровтің "Сиқыршы" сықақ әңгімелер кітабын орыс тіліне (1976) аударған. "Халықтар достығы" орденімен, медальдармен марапатталған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}