Геннадий Иванович Диков
Геннадий Иванович Диков (21 қараша 1928 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы) – ветеринария ғылымының докторы (1984), профессор (1989).
Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (1952, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының малдәрігерлік ғылыми-зерттеу лабораториясында кіші (1953–61), аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1961–97). 1997 жылдан осы мекеменің ғылыми кеңесшісі қызметін атқарады. Диков 140 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 6 кітаптың авторы. 2 авторлық куәлігі бар.<ref name=source1>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>
Сыртқы сілтемелер
http://www.agroweb.unesco.kz/level2/sci/scidgi.htm
Дереккөздер</span>
<references/>