Геннадий Афанасьевич Щёлоков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Геннадий Афанасьевич Щёлоков 1948 жылы 25 қаңтарда Семей облысы, Үржар ауданы, Ақжар ауылында туған. Орыс. Әкесі - Щёлоков Афанасий Филиппович, марқұм. Анасы - Щёлокова Надежда Ивановна, зейнеткер. Н.К. Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген (1969), математика мүғалімі.

  • 1969 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
  • 1970 жылдан - Семей облысы Үржар ауылы Крупская атындағы орта мектептің математика және физика пәндерінің мұғалімі.
  • 1973 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Үржар аудандық комитетінің екінші, бірінші хатшысы.
  • 1976 жылдан бері - ≪Спорттың олимпиадалық түрлерінен ОБЖСМ≫ қалХББ MM №5 БЖСМ-де, ≪Семей облыстық ОБЖСМ≫ ММ-де семсерлесуден жаттықтырушы, аға-жаттықтырушы.

Азия ойындарыныңчемпионы Шабалин Сергей Борисовичті дайындауға атсалысқан. Сапымен семсерлесуден ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1995). Әскери атағы - запастағы капитан. Қазақстанның болашағы жайыл болжамы - ≪Қазақстан Республикасының бұдан ары бекіп, дами беруі≫. Хоббиі - үй шаруашылығы. Сүйіп оқитын әдебиеті - детективтер. Тұл ер. Жұбайы - Щёлокова Валентина Ивановна (1946-2003), мектепте химия пәнінен мұғалім болып жұмыс істеген. Қыздары - Елена (1971 жылы туған), Наталья (1973 жылы туған); ұлы - Дмитрий (1980 жылы туған). <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub