Гемоцитопоэз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гемоцитопоэз (haemocytopoesis; грек, haemo — қан, kytos — жасуша, poiesis — түзілу) — қан жасушаларының түзілу процесі.

Гемоцитопоэздің екі түрі ажыратылады. Олар: ұрықтық немесе эмбриондық гемоцитопоэз және ұрықтық кезеңнен кейінгі немесе постэмбриондық гемоцитопоэз.

Қан жасушаларының түрлеріне байланысты гемоцитопоэз өз кезегінде: эритроцитопоэз (эритроциттердің дамуы), гранулоцитопоэз (базофильдердің, нейтрофильдердің, эозинофильдердің түзілуі), мегакариоцитопоэз (қан табақшаларының, тромбоциттердің дамуы), лимфоцитопоэз (Т- және В- лимфоциттердің дамуы), моноцитопоэз (моноциттердің түзілуі) болып бөлінеді.

  • Эмбриондық гемоцитопоэз ұрық организміндегі қанның ұлпа ретінде қалыптасуын қамтамасыз етеді.
  • Постэмбриондық гемоцитопоэз — эмбриондық кезеңнен кейінгі қанның физиологиялық қалпына келуін (регенерациясын) іс жүзіне асырады.

Эмбриондық гемоцитопоэз сарыуыз қапшыгы қабыргасында дамып жетіліп қалыптасып, одан кейін ұрық организміне өтіп, бауырда, сүйек кемігінде, айырша безде (тимус), көкбауырда, лимфа түйіндерінде жүреді. Эмбриондық кезеңнен кейінгі қантүзілу процесі сүйектің қызыл кемігі майына ауысады. Лимфоциттердің мамандануы, көбеюі және әсерлі (эффекторлы) жасушаларға айналуы — тимуста, көкбауырда, лимфа түйіндерінде және лимфоқдты құрылымдарда жүреді.

<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гемоцитопоэз|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}