Гей-Люссак заңы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гей-Люссак Заңы— негізгі газ заңдарының бірі. Гей-Люссак заңы бойынша берілген газ массасының көлемі тұрақты қысым кезінде температураға сызықты тәуелді болып өзгереді: VtV0(1+Vt), мұндағы V0 және Vt—бастапқы және соңғы темп-ралар кезіндегі газдың сәйкес көлемдері, t — осы темп-ралардың айырмасы, V — газдың тұрақты қысым кезіндегі жылулық ұлғаю коэффициенті (ол барлық газ үшін шамамен 1/273,15 К–1). Гей-Люссак з. тек идеал газдар үшін дәл орындалады. Ал нақты (реал) газдар бұл заңға темп-ра мен қысымның кризистік мәндерінен алыс мәндерінде ғана бағынады. Гей-Люссак з. Клапейрон теңдеуінің дербес жағдайы болып есептеледі. Бұл заңды 1802 ж. француз ғалымы Ж.Л. Гей-Люссак (1778 — 1850) ашқан.

Пайдаланылған әдебиет

“Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гей-Люссак заңы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}