Гейзер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Mergefrom

Гейзер <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>(исландша: geysir — лақылдау) — ыстық су мен бу шапшымаларын 60 метр биіктікке дейін оқтын-оқтын атқақтататын қайнар.

Орналасуы

Гейзерлер Исландия, Солтүстік Америка, Жаңа Зеландия, Камчатка секілді қазіргі заманғы жанартаулы аймақтарда көп. Әрекетінің үзақтығы тұрақты деуге болатын жүйелі және ұзақтығы құбылмалы жүйесіз гейзерлер болып бөлінеді. АҚШ-та (Йеллоустон паркінде) шамамен 200-дей Гейзер болса, Ресейде 100-дей (Камчаткадағы гейзерлер аңғарында), Гейзерлер магма ошағынан үздіксіз жылу келіп тұратын жанартау белсенділігі бар аймақтарда кездеседі. Гейзерлердің сырт пішіні кішігірім қиылған конус, аласа, жайпак шұңқыр, кейде әр түрінде болуы мүмкін. Атқылау үзақтығы ондаған минуттармен өлшенеді, тыныштык кезеңі бірнеше минуттан бірнеше сағатқа немесе күндерге дейін созылады. Гейзерлердің көмейінен алдымен ыстық бу, оған ілесе ондаған метр биіктікке ыстық су атқылайды. Оған қоса, қатты күркіреген дыбыс шығады. Исландияда (30-дай), Жаңа Зеландияда және т.б. кездеседі. Гейзердің ыстык суы үйлерді, жылыжайды жылыту, электр энергиясын алу үшін пайдаланылады (буының биіктігі шамамен 150 метрге дейін жетеді).

Гейзер<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 </ref>— оқтын-оқтын ыстық су мен бу атқылап тұратын су көзі (қайнар, бұлақ). Магма ошағынан үздіксіз жылу келіп тұратын жанартаулық әрекеті тоқтамаған немесе таяуда тоқтаған аймақтарда кездеседі.<ref name="source1">Балалар энциклопедиясы, III-том</ref> Гейзердің сырт пішіні кішігірім қиылған конус, аласа, жайпақ шұңқыр, кейде ор түрінде болуы мүмкін. Атқылау циклінің (оралымының) ұзақтығы тұрақты Гейзерді жүйелі Гейзер, өзгермелісін — жүйесіз Гейзер деп атайды. Атқылау циклінің ұзақтығы минуттармен және ондаған минуттармен өлшенеді, тыныштық кезеңі бірнеше минуттан бірнеше сағатқа немесе күндерге дейін созылады.<ref>Балалар энциклопедиясы</ref> Гейзерден лықсып шығатын, көбінесе, жауын-шашынның жерге сіңуінен пайда болатын су біршама таза, аз минералданған (1 — 2 грамм/литр), температурасы 100 — 130°С, құрамында хлоридтер, карбонаттар, кремнеземдер басым болып келеді. Гейзерлер Камчаткада (Ресей), Исландияда, Канадада, АҚШ-та, Жаңа Зеландияда, Жапонияда, Қытайда бар. Камчаткада ірі Гейзер Кихпиныч жанартауының маңында, Гейзерная өз-нің аңғарында 1941 жылы табылды. Мұнда барлығы 100-ге жуық Гейзер бар. Ең үлкен “Великан” гейзері ыстық суды 40 метр, буды бірнеше жүз метр биіктікке дейін атқылайды. Исландияда 30-ға жуық Гейзер бар. АҚШ-тағы Йеллоустон ұлттық саябағында 200-ге жуық Гейзер бар. Олардың ең ірі екеуі бу мен суды әрбір 53 — 70 минут және 3 күндік ырғақпен 40 — 42 метр биіктікке атқылайды. Жаңа Зеландияда 1904 жылға дейін бүкіл жер жүзі бойынша ең үлкен Ваймангу гейзері әрекет етті. Күшті атқылау кезінде оның суы 450 метр биіктікке дейін көтеріліп, әр дүркін сайын 800 тоннаға жуық ыстық су шығып тұрды. Гейзердің пайда болуы жер астында (100 — 150 метр тереңдікте) суға толы үңгірлердің, қуыстардың және оларды бір-бірімен байланыстыратын арналардың болуымен түсіндіріледі. Тереңдегі жанартау ошағынан келетін қызудың әсерінен су ысиды, оның температурасы қайнау нүктесінен (100°С) жоғары болғандықтан, лезде буға айналады. Будың қысымы мен күші зор болғандықтан, үстіндегі суды жоғары лақтырып, жер бетінде ыстық судың үлкен фонтаны пайда болады, бу будақтап шығып жатады. Гейзердің буы мен ыстық суы тұрғын үйлерді, ғимараттарды, көшетханаларды жылытуға және электр қуатын өндіретін қондырғыларда пайдаланылады.

Қосымша

Гейзер — 60 м-лік биіктікке дейін дүркін-дүркін ыстық су мен бу атқылап тұратын қайнар. Гейзер, негізінен, қазіргі кездегі жанартаулар тараған атыраптарда пайда болады. АҚШ-та (Йеллоустон саябағында 200-ге жуық), Ресейде (Камчаткадағы Гейзер аңғары 100-ге жуық), Исландияда (30-ға жуық), Жаңа Зеландияда тараған. Гейзерді әрекетінің ұзақтығына байланысты тұрақты және тұрақсыз (өзгермелі) деп бөледі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref> Гейзерлердің-жер астындағы ыстық судың сыртқа шапшу мезгілі мен күші әр түрлі болып келеді.Мысалы,Камчаткадағы бір гейзер әрбір 4 минут сайын "жұмысқа" кіріседі,сондықтан да оны Сағат гейзер деп атаған.Ал Эллоу-стоун саябағындағы Қарт Қызметші сағат сайын,Шаршамас гейзері әрбір жарты минутта шапшып тұрады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub