Гарниерит
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Garniérite Camp Des Sapins.jpg
Гарниерит
Гарниерит, нумеит – силикаттар класының минералы. Хим. формуласы Nі4[Sі4O10](OH)4•4H2O. Француз геологы Ж. Гарньенің есімімен аталған. Хим. құрамы күрделі әрі тұрақсыз. Г. гель және жасырын кристалды агрегаттар түрінде кездеседі. Түсі көгілдір жасыл, қанық жасыл, күңгірт. Қатт. 2 – 2,5; менш. салм. 2,2 – 2,8 г/см3. Г. никельге бай ультранегізді жыныстардың үгілуінен түзіледі. Никель қорытатын кенді минерал. Г. Қазақстанда Орал мен Кемпірсайда (Ақтөбе облысы) кездеседі. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>