Гамондар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гамондар - ұрықтану процесінің бірінші кезеңі — адам мен жануарлар жыныс жасушаларының бір-біріне жақындасуы кезінде маңызды рөл атқаратын, овоциттер мен сперматозоидтар бөліп шығаратын арнайы химиялық заттар.

Бұл атауды эмбриологияға М. Гартман (1940 ж.) енгізген. Гамондар жыныс жасушалары цитоплазмасының беткей бөлігінің құрамында кездеседі. Жұмыртқа жасушалары (овоциттер) екі түрлі гамондар бөледі. Оларды I және II гиногамондар деп атайды.

Құрамында протеин болмайтын, құрылысы қарапайым молекулалы I гиногамондар сперматозоидтар қозғалысының белсенділігін арттырады, ал II гиногамондар (фертизилин) — сперматозоидтар бөлетін II андрогамондармен (протеиндік табиғаты II гиногамондарга сәйкес келеді) агглютинация реакциясына түсіп, сперматозоидтарды бір-бірімен жабыстырып тұнбаға түсіретін арнайы протеиндік зат.

Сперматозоидтар да екі түрлі гамондар бөледі. Оларды I және II андрогамондар деп атайды. I андрогамондар II гиногамондарга қарсы әсер ететін қарапайым молекулалы протеинсіз зат. I андрогамондар сперматозоидтардың қозғалыс белсенділігін төмендетеді, ал II андрогамондар жұмыртқа жасушасының сыртқы қабығын ерітеді. Сондықтан, оларды лизин деп те атайды.

Лизин табиғаты жағынан гиалуронидаза ферментіне (энзимге) жатады. Ол жұмыртқа жасушасының (овоциттің) сыртқы фолликулдық қабығын құрайтын жасушаларды желімдеп тұратын гиалурон қышқылын (мукополисахарид) ерітеді. Нәтижесінде, ұрықтану кезінде овоцит фолликул жасушаларының аралықтары мен сперматозоидтардың жұмыртқа клеткасына қарай өтуіне мүмкіндік туады. <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гамондар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}