Гаметобласт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гаметобласт (garnetoblastos; грек, gametos — жыныс жасушасы, blastos — өскін) — эмбриондық дамудың (эмбриогенездің) 3-аптасында ұрық организмінде, қалыптасқан сарыуыз қапшығы қабырғасында дамып жетілетін алғашқы ізашар бастама жыныс жасушасы.

Гаметобластцитоплазмасы гликогенге бай, ядросы ашық көгілдір түске боялған ірі жасуша. Ол митоз арқылы белсенді бөлініп көбейеді де, қанның ағысымен ұрықтың болашақ жыныс бездері бастамаларына (гонадаларға) барып қоныстанады. Гонадаларда гаметобласттар сыртынан өзін қоректік заттармен қамтамасыз ететін тіректік (фолликул жасушалары — сустентоциттер) жасушалармен қапталып, адам мен жануарлар организмдерінің болашақ жынысына байланысты аталық немесе аналық жыныс бездеріне айналады. Гаметобласттардан жыныс жасушалары (сперматозоидтар, овоциттер) дамып жетіледі.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гаметобласт|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}