Галогендік жыныстар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ГАЛОГЕНДІК ЖЫНЫСТАР (тұздар) – хемогендік шөгінді жыныстар; олар құрғақшылықтан кеуіп бара жатқан теңіз бассейндерінің, тоғандардың, тұзды көлдердің түбінде қалған қаныққан ерітінділердің кристалдануы нәтижесінде түзіледі. Негізгі минералдары галит, сильвин, карналлит, гипс, астрахонит, табиғи сода, бишофит, кайнит, полигалит, т.б. Кең тарағаны тас тұзы, сильвинит және карналитті жыныстар. Галогендік кендер Қазақстанда кең тараған. Олар негізінен тас көмір және пермь кезеңдерінің шөгінділерімен байланысты. Тұздардың ірі кен орындары Каспийдің солт. жағында – Атырауда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Шу және Сарысу өзендері бойында, Солт. Қазақстанда, Арал, Ертіс маңында орналасқан. Өндірілетін тас тұзының 65%-ы тамақ өнеркәсібінде, 35%-ы тех. мақсаттарда қолданылады. Сондай-ақ калий тұздары тыңайтқыш ретінде химия өнеркәсібінде, магний тұздары авиация және автомобиль өнеркәсібіне қажетті жеңіл және берік металлмагний өндіру үшін пайдаланылады. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Галогендік жыныстар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}