Галла нематоды

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Галла нематоды – жұмыр құрттар класына жататын жәндік. Өсімдік тамырында масылдық тіршілік етеді, онда ұзындығы 1 мм-дей галла (зақымдалған өсімдік бойында пайда болатын өсінді) түзеді. Галла ішіндегі ұрғашысы 2 мыңға жуық жұмыртқа салады. Бұдан дамыған дернәсілдер (ұзындығы 37 – 50 мк, ені 15 мк) өсімдік тамырларын зақымдайды. Ондай өсімдіктер көп ұзамай шіриді. Бұл құрттар жер шарында көп тараған, жиі кездесетін түрлері оңтүстік, солтүстік, мақта, арахис Г. н-лары. Ол 1500-ден аса өсімдіктер түрін, оның ішінде бау-бақша, жеміс-жидек, көкөніс және тех. дақылдарды қатты зақымдайды. Г. н. аса көбейіп кеткенде өсімдік галла нематодозы ауруына ұшырайды, өнімд. 40 – 60%-ға төмендеп не мүлде өз тіршілігін жояды. Күрес шаралары: ауыспалы егіс тәртібін сақтау. Алғы дақылдар ретінде астық тұқымдас өсімдіктерді себу; топыраққа және зақымданған өсімдіктерге Г. н-на қарсы хим. препараттар – базамид, нематицидтерді (карбатион, онетион, немагон, тиазон, ДД, т.б.) беру. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Галла нематоды|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}