Галлахер Уильям

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Галлахер Уильям (25.12.1881, шотландия, пейсли, - 12.8.1965, сонда) – ағылшын және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері. Жұмысшы отбасында туған. Тәуелсіз жұмысшы партиясының, 1911 жылдан бастап Британ соц. партиясының мүшесі. 1-дүниежүзілік соғыс кезінде фабрика-зауыт старосталары қозғалысын басқарып, Шотландияның кеме жасаушы жұмысшылары мен кеншілерінің ереуілдерін ұйымдастыруға белсене қатысты. Ұлыбритания Компартиясының ОК саяси бюросының мүшесі (1921), Ағылшын тредюниондары қозғалсын ұйымдастырушылардың бірі. 1935-1950 жылдары парламент депутаты. 1943- 56 жылдары. Компартия Атқару Комитетінің председателі, 1956-63 жылдары президенті, 1963 жылдан бері Ұлыбритания Компартиясы Атқару Комитетінің құрметті мүшесі. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер