Галина Евгеньевна Николаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Галина Евгеньевна Николаева (1911 жыл 18 ақпан - 1963 жыл 18 қазан) - орыс жазушысы.

Өмірбаяны

Оқытушы отбасында туған. 1935 жылы Горькийдегі медициналық институтты бітірді. 1939 жылдан бастап жаза бастады. Оның «Отты өткел» (1946) өлеңдер жинағы, «Командармның апатқа ұшырауы» (1945) новелласы, «Орақ үстінде» (1950), осы роман желісі бойынша 1953 жылы «Василий Бортниковтың оралуы» фильмі түсірілді; «Жолдағы шайқас» (1957), осы аттас фильм (1961), романдары бар. «МТС директоры және бас агроном туралы повесть» (1954), фольклорлық негізде жазылған «Василиса шешейдің керемет туралы әңгімесі» атты повестерінде де кеңес адамдарын бейнелейді. Өзі қайтыс болғаннан кейін «Өзара күшті ықпал» (1964) романының үзіндісі мен «Біздің бақ» атты лирикалық-философиялық күнделігі жарияланды.

Марапаттары

Ол 2 орденмен, медальдармен марапатталды.<ref> Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,8 том, 371 бет </ref>

Дереккөздер

<references/>