Галиб Мұсаұлы Жафаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Боксшы

Үлгі:Медальдар

Галиб Мұсаұлы Жафаров (9 мамыр 1978 жыл, Темір қаласы, Ақтөбе облысы) — қазақ әуесқой боксшысы, әуесқой бокстан әлім чемпионы (2003).

Ғ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірген (2002), спорт жаттықтырушысы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 2002 жылдан - Ғ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің оқытушысы. 2009 жылдан - Ақтөбе қаласы бокстан облыстық ОРМБЖМ жаттықтырушысы. 2010 жылдан бері - ҚР Бокс федерациясы жастар мен жасөспірімдер құрамаларының үйлестірушісі. ҚР Ұлттық штаттық командасының мүшесі (2000 жылдан). Жасөспірімдер арасындағы Жалпықазақстандық ойындардың жеңімпазы (1994); «А» класындағы халықаралық турнирлердің 8 мәрте жеңімпазы; Әлем чемпионатының (Белфаст, 2001), Таиланд королі кубогының (2002), Азия ойындарының (Пусан, 2002) күміс жүлдегері; Әлем кубогында барлық шайқастардың жөңімпазы және Қазақстанның ұлттық құрамасы құрамында күміс жүлдегер (Астана, 2002); ҚР бокстан чемпионы (2003); әлем (Бангкок, 2003), Азия (Манила, 2004) бокстан чемпионы. Олимпиадалық ойындарға қатысу лицензиясын жеңіп алған (Афины, 2004). Әлем кубогының (Мәскеу, 2005), Азия ойындарының (Доха, 2006) қола жүлдегері; ҚР Президенті кубогының (Астана, 2006), лицензиялық турнирдің (Астана, 2008) жеңімпазы; XXIX Олимпиадапық ойындардың қатысушысы (Пекин, 2008). ҚР спорт шебері (1995). ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2001).

  • Әскери атағы - капитан.
  • Діни көзқарасы - мұсылман.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеу».
  • Хоббиі - футбол.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет.

<ref> Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Боксқа келуі

11 жасында бокс қолғабын киген жас өрен уақыт оза ұлттық құраманың белді мүшесіне айналды. 2003 жылы ол әлем чемпионы атағын олжалап, екінің бірі қолы жетпеген белеске иек артты. Галибтің әкесі – әзірбайжан ұлтынан, шешесі – қазақтың қызы. Оны боксқа үйреткен де, қазір баптап жүрген де Әлімбек Балмағамбетов. Жафаров жастайынан дара талантымен оқшауланды десек, өтірік айтқан болар едік. Бүгінгі деңгейге жету үшін оған жалықпай жаттығуға тура келді. 1997 жылы Галиб Қазақстан құрамасына қабылданғанымен, ол бірер жыл көзге түспеді. Бұл жағдайды бапкері: «1997 жылы шәкіртім 57 келі салмақ дәрежесіне ауысты. Алайда бұл салмақта Галибтің бірден бағы жана қоймады. Өйткені бәсекелестік тым күшті болды. Алдымен Бақтияр Тілегеновтің қарымы қатты еді. Содан кейін Бекзат Саттарханов жарқ етіп шықты. Жалпы, Бекзат марқұм жайында айтатын болсақ, Құдай оның бойына талантты үйіп-төгіп берген. Ол – нағыз дарабоз еді. Сол саңлақпен қолғап түйістіре жүріп, Галибтің де шеберлігі өсті», – деп түсіндірді.

Әуесқой бокстан әлем чемпионты 2001

Жартылай жеңіл салмақ
Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/16 05.06.2001 Үлгі:Flagicon Галиб Жафаров 18:15 Үлгі:Flagicon Israel Hector Perez
1/8 06.06.2001 Үлгі:Flagicon Галиб Жафаров 27:24 Үлгі:Flagicon Yunier Barzaga
1/4 07.06.2001 Үлгі:Flagicon Галиб Жафаров 30:27 Үлгі:Flagicon Suttisak Samaksaman
1/2 08.06.2001 Үлгі:Flagicon Галиб Жафаров 30:18 Үлгі:Flagicon Majid Jelili
Финал 10.06.2001 Үлгі:Flagicon Галиб Жафаров RSCO 3 Үлгі:Flagicon Ramazi Paliani

Жафаровтың жарқ етіп көрінген тұсы 2001 жыл болды. Белфаста өткен әлем чемпионатында ақтөбелік өрен ақтық сынға алқынбай жетті. Шешуші тұста танымал түрік боксшысы Рамази Палианиден ұтылып, елге күміс медальмен оралды. Міне, сол кезден бастап, Галибтің тасы өрге домалады. 2002 жылы Астанада өткен әлем кубогы жолындағы бәсекеде барлық қарсыласынан басым түсті. Тіптен кубалық боксшының өзін сабап тастады. Алайда жарыс командалық болғандықтан, Жафаровтың кеудесінде күміс медаль жарқырады. Дәл сондай көрсеткішке ол Пусанда өткен Азия ойындарында да қол жеткізді.

Әуесқой бокстан әлем чемпионты 2003

Жартылай жеңіл салмақ
Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/16 07.07.2003 Үлгі:Flagicon Галиб Жафаров RSCO 3 Үлгі:Flagicon Jahongir Abdullayev
1/8 09.07.2003 Үлгі:Flagicon Галиб Жафаров 27:14 Үлгі:Flagicon Yudenis Gonzalez
1/4 10.07.2003 Үлгі:Flagicon Галиб Жафаров 29:18 Үлгі:Flagicon Suttisak Samaksaman
1/2 11.07.2003 Үлгі:Flagicon Галиб Жафаров 32:17 Үлгі:Flagicon Jo Seok Kwan
Финал 12.07.2003 Үлгі:Flagicon Галиб Жафаров 43:35 Үлгі:Flagicon Vitalij Tajbert

Ал 2003 жылы Бангкокта жерлесіміз әлем чемпионы атанды. Оның сыртында көптеген халықаралық турнирлердегі жеңістері тағы бар.

2004 жылғы Афина Олимпиадасы

Жартылай жеңіл салмақ
Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/8 16.08.2004 Үлгі:Flagicon Галиб Жафаров RSCO 3 Үлгі:Flagicon Bryan Mayanja
1/4 20.08.2004 Үлгі:Flagicon Галиб Жафаров 40:22 Үлгі:Flagicon Bekzot Khidirov
1/2 23.08.2004 Үлгі:Flagicon Галиб Жафаров 26:36 Үлгі:Flagicon Alexey Tishchenko

2005 жылғы Әлем кубогы

Жартылай жеңіл салмақ
Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы
топтық 12.07.2005 Үлгі:Flagicon Галиб Жафаров 26:24 Үлгі:Flagicon Anatoli Kavtaradze
топтық 14.07.2005 Үлгі:Flagicon Галиб Жафаров WO --
1/2 16.07.2005 Үлгі:Flagicon Галиб Жафаров 35:48 Үлгі:Flagicon Yuriolkis Gamboa


Жафаровтың жеңісіне көзіміз үйреніп қалғаны соншалық, Афины Олимпиадасының ширек финалда ол жеңіліс тапқанда, жанкүйерлердің жанарына жас тығылды. Ең өкініштісі, отандасымыз есімі беймәлім боксшыдан ұтылды. Иә, сол кезде Алексей Тищенконы ешкім білмейтін. Тіптен ресейліктердің өздері Тищенкодан пәлендей нәтиже күткен жоқ еді. Ал сол шикі сары орыс жігіті Афинада бәрінің аузын ұрып кетті де, Олимпиада чемпионы деген мәңгі тозбас атаққа қол жеткізді. Олимпиададағы сәтсіздіктің салдары ма, әлде бабы кеміді ме, әйтеуір одан кейінгі жылдары Галибтің өнері ала-құла болды. Тіптен ол елішілік жарыстарда жеңілетін «әдет» тапты. Сондай-ақ халықаралық аренадағы аяқалысы да көпшіліктің көңілінен шыққан жоқ. 2005 және 2007 жылғы әлем чемпионаттарына Жафаров барған жоқ. Бапкерлердің таңдауы басқа боксшыларға түсті. 2006 жылғы Азия ойындарында Галиб жартылай финалда моңғолдан ұтылып, үшінші орында қалып қойды. Міне, осылайша жерлесіміз бірер жыл еңсе көтере алмай жүрді. Дәл сол тұста айтулы боксшының болашағына күмәнмен қарағандар қатары қалыңдады. Оңай ма, Галибтің жасы ол кезде 30-ға келіп қалған еді... Алайда адал еңбек пен шын пейіл адамды алға жетелейді деген рас екен. Ең бастысы, бапкері де, боксшысы да өздерінің «айтар сөздері» әлі де таусылмағанына имандай сенді. Сол тұста Әлімбек ағамыз: «Боксшының жасына емес, қарымына қарау керек. Жасы 30-ға таяса да, Жафаров өзінің мықтылығын дәлелдеп жүр. Және де бокс тарихына үңілсек, дәл осындай жаста топ жарып жүрген саңлақтар аз емес. Жалпы, біріміз – ұстаз, біріміз – шәкірт атанғанымызға тура 17 жыл болыпты. Мен Галибтің мінезін жақсы білемін. Жафаров үшін бұл салада құпия жоқ. Ол бокстағы барлық белесті бағындырды. Енді біздерге жетпей тұрғаны тек – Олимпиада медалі. Біз міндетті түрде Бейжіңге барып, сол олқылықтың орнын толтырамыз», – деп ақтарыла сөйлеген болатын. Азия құрлығы боксшыларына 2008 жылғы Олимпиадаға қатысу үшін үш мүмкіндік туындады десек, оның біріншісіне Галиб барған жоқ. Бас бапкер тараздық Мақсат Оспановқа сенім артты. Чикагода Мақсат жеңіліп қалды. Бангкокта өткен екінші лицензиялық турнирдің шешуші бәсекесінде Жафаров қарсыласын сабап жатқан-ды. Бірақ қырсық шалып, қабағы жарылып кетті. АИБА-ның ережесі бойынша боксшы үш рет дәрігердің көмегіне жүгінгеннен соң барып қана бәсеке тоқталуы тиіс. Ал бұл жолы төреші әділдіктен аттап, жерлесімізді жарыс жолынан шығарып тастады. Енді соңғы сынақ қалды. «Кімдер ел намысын қорғауға тиіс?» деген мәселе төңірегінде тағы да әңгіме туындады. Бұл ретте Галиб Жафаров өзінің мықтылығын мойындатып, 57 келі салмақта өнер көрсетуге лайық екенін паш етті. Астана рингінде жерлесіміз өз мүмкіндігін қалт жібермей, алтыннан алқа тағынды.

Жанұясы

  • Әкесі - Джафаров Мұса Исмаилұлы, Қандыағаш қаласында экспедитор.
  • Анасы - Джафарова Каным Ермекқызы, марқұм.
  • Жұбайы - Джафарова Динара Маратқызы, үй шаруасымен айналысады.
  • Ұлы - Рустамзал (2005);
  • Қызы - Апина (2009).

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}