Гак

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гак - мал мойнына тағылатын қоңырау. Қаңылтыр темірден, мыстан жасалатын гак шұңғыл дүңгіршек ыдысқа ұқсайды. Төмен жағы ашық, конус немесе цилиндр тәрізді етіп жасалады. Жоғарғы тұсына тойнақ орнатылады. Тойнаққа қайыс бүлдірге өткізіп, мал мойнына тағып қояды. Ашық қуысында гак қабырғасына тиген кезде дыбыс шығаратын көлемі шағын, ұзынша келген металл «тілі» қайыс немесе жіппен коңыраудың ернеуінен жоғары ілінеді.

Гак жайылып жүрген мал бағытын, қайда жүргенін біліп отыру үшін қолданылады. Этнографиялық мәліметтерге қарағанда, гак малға көз тиюден де қорғайды. Гакты көбінесе жас бота, бұзау-торпақтың, сондай-ақ бөлініп қалатын саяқ, қашаған малдың мойнына тағады. Қой-ешкіге арналған гак түрі шағын, жеңіл болады. Ертеректе бәсіреге алған бота, торпақ мойнына ерекшелеп көрсету үшін кейде әшекейлі күміс қоңырау ілген. Мұндай сәндік қоңыраулар жас малдың мойнына өсіп жетілгенге дейін тағылып, табынға қосылатын кезде шешіледі.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гак|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}