Газ тасымалдауыш (Гелий)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гелий - кең таралған тасымалдауыштың бірі. Бұл оның жоғары өткізгіштігімен түсіндіріледі, өйткені газды хроматографияда детекторды жылу өткізгіштігі бойынша таңдап алады. Жалпы газдардан жылу өткізгіштік қабілеті бойынша гелий мен сутегі алдыңғы қатарда, алайда олардың тығыздығы төмен болғандықтан, диффузиялық эффектіні кеміту үшін оларды көлемдік жылдамдықпен жіберуге тура келеді. Сутекті колдануға басты кедергі - өздігінен тұтанып, қопарылып немесе талданатын қосылыс құрамында кездесетін қанықпаған байланыспен әрекеттесуі. Алайда сутегінің жеткілікгі таза күйінде электролиттік тұрғыдан генерирлеуге болатын артықшылығы да бар. Басқа газ тасымалдауыштарды, мәселен, азот пен аргонды үйлестіре отырып, детектор ретінде сирек те болса қолдануға болады.<ref>Құлажанов Қ.С.Аналитикалық химия: II томдық оқулық . II - том. Оқулық. Алматы:«ЭВЕРО» баспаханасы, 2005. - 464 б. ISBN 9965-680-95-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}