Гавриил Моисеевич Бойченко

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гавриил Моисеевич Бойченко-(1.2.1927 ж.т., Ресей, Ставрополь өлкесі, Есентуки қ.) - актер, Қазақстанның халық артисі (1987). Ставрополь өлкелік орыс драма театры жанындағы студияны бітіргеннен кейін осы театрдың негізгі құрамына қабылданды (1947). 1949 - 1953 ж. Есентуки қаласында көркемөнерпаздар үйірмесін басқарды, кейінен Иркутсқінің (1953 - 1960) жөне Астраханның (1960- 1962) балалар және жасөспірімдер театрында актер болып, көбіне балалар рольдерін орындаумен көзге түсті. 1962 ж. Қазақ балалар және жасөспірімдер театрына қабылданып, 1985 - 1987 ж. осы театрдың орыс бөлімінің директоры қызметін атқарды. 1994 жылдан Республикалақ орыс драма театрының актері. Бойченко актерлік шеберлігіне ой мен пластикалық әрекет тұтастығы, шынайылық, сахналық үйлесімділік тән. Оның театрда ойнаған таңдаулы рольдері қатарында Мишка (И.Н. Серебряковтың "Қызыл перілерінде"), Белоянис (Н.М. Гусевтің "Ақ қалампырлы адамында"), Барон Мюнхгаузен (Г.М. Гориннің "Ең шыншылында"), т.б. бар.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}