Габбро-пегматит
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Габбро-пегматит - желі, линза немесе ұя тұрқылас қуыстарға шоғырланатын, добал кристалды габбро.
Мұндай таужыныстар құрамы габброға сәйкес келетін магма қалдықтары есебінен сол магма кристалдануы процесінің ең соңғы сатысында қалыптасады деп есептеледі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/. А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>
Дереккөздер
<references/>