Г
Г, г — кириллицаға негізделген әліпби әрпі.
Тіл ортасының қатты таңдайға тиіп, кері қайтуы әрі дауыс шамалдығының қатысуы арқылы жасалатын ұяң дауыссыз дыбысты таңбалайтын әріп.
Қазақ тілінде Г дыбысы тек қана жіңішке дауыстылармен (ә, е, ү, ө, і) тіркесіп айтылады (тегеш, өгіз). Г дыбысы сөздің басында сирек қолданылады (гүл, гауһар). Қазақтың байырғы сөздерінің аяғында келмейді, бірақ кейбір термин сөздердің соңында кездесіп, сөйлегенде "к" болып естіледі: жазылуы - педагог, айтылуы - педагок<ref> Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том</ref><ref>Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ., Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика, А., 1962</ref>.
Кодтар кестесі
Код | Регистр | Ондық код |
16-лық код |
8-дік код |
Екілік код |
---|---|---|---|---|---|
Юникод | Бас | 1043 | 0413 | 002023 | 00000100 00010011 |
Кіші | 1075 | 0433 | 002063 | 00000100 00110011 | |
ISO 8859-5 | Бас | 179 | B3 | 263 | 10110011 |
Кіші | 211 | D3 | 323 | 11010011 | |
KOI 8 | Бас | 231 | E7 | 347 | 11100111 |
Кіші | 199 | C7 | 307 | 11000111 | |
Windows 1251 | Бас | 196 | C3 | 303 | 11000011 |
Кіші | 227 | E3 | 343 | 11100011 |
HTML жүйесінде бас әріп «Г»-ны Г немесе Г, ал кіші «г» әріпін - г немесе г деп белгілейді.
Дереккөздер
<references/>