Вячеслав Алиевич Белялов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Вячеслав Алиевич Белялов (22.1.1936 ж.т., Алматы) - кинооператор, кинорежиссер. Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген (1966). "Қазақфильм" киностудиясында 30-дан астам деректі және ғылыми көпшілік фильмдер түсірді. Қазақстан флорасы мен фаунасы туралы ғылыми көпшілік киноның дамуына үлес қосты. Үздік операторлық шешімі үшін Беляловтың фильмдері әр түрлі сыйлықтарға ие болды ("Ақсу-Жабағылы",1976; КСРО ХШЖК-нің қола медалі, 1977; "Ғажайып орман", 1978, Бакуде өткен Бүкілодақтық 8-телефильмдер фестивалінің сыйлығы, 1978; "Мүйізтұмсыққа арналған үй", 1981, Воронеж қаласында өткен табиғат туралы фильмдердің Бүкілодақтық 1-фестивалінің 1-сыйлығы, (1982). Қазақстан Мейлекеттік сыйлығының иегері (1983). Беляловтің фильмдері шешімдерінің соңылығымен, тақырыбының өзектілігімен құнды. <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}