Вюрцбурлық мектеп

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Вюрцбурлық мектеп — сана психологиясын зерттеген бағыттардың бірі. Бұл мектептің негізін салушылар — О. Кюльпе және К. Бюлер, ал өкілдеріне жататындар - Н. Ах, А. Марбе, О. Зельц және т.б.
Вюрцбурлық мектеппен зерттелінген негізгі мәселелер:

  • а) ойлаушы субъектінің белсенділігін анықтайтын ұғымдарды шығару;
  • ә) ерекше психологиялық ақиқат ретіндегі ойлаудың қасиеттерін сипаттау және мазмұнын анықтау;
  • б) ойлау процесінің психологиялық механизмдерін түсіндіру.

Сәйкес әдістемені шығара отырып, Н. Ах ұғымдарды қалыптастырудың тәсілдерін тандау процесі мен қолдану сипаты субъектімен шешілетін нақты міндеттерге байланыстылығын атап өтті. Осылайша, вюрцбурлық мектептің негізгі қосқан үлесі — "Міндет" ұғымын енгізуі (В. Уайт). Вюрцбурлық мектеп өкілдері интроспекция әдісін өзгертті. Субъектінің өзінің ішкі ойлары, елестері, күйзелістepi жөніндегі есебі белгілі бір қойылған сұраққа жауапты іздеу, белгілі бір міндетті шешу жолымен жүрді. О. Кюльпе "Ойлау психологиясы" еңбегінде ойлау мен ерікті зерттеуде итроспекциялық әдісті қолданды. Зерттеген мәселелері: "эмпирикалық ойлау" деп аталатын және формалдық логика заңдарына сүйенетін" таза ойлаудың" нақтылы жүзеге асуын көрсететін психикалық актілер мен күйлер. Н. Ахтың тағы бір қосқан үлесі — "детерминациялық тенденциялар" тұжырымдамасын шығарып, негіздеуі. Басқаша айтқанда, бұл — себептендіру теориясы. Адамның бойындағы осындай детерминациялық тенденциялары адамды түртіп отыратын, санадан тыс процестерге жатады. Ойлау өзінен-өзі пайда болып қалыптаспайды. Ол тікелей сыртқы орта әсерінен пайда болады. Сезімдік елестер мен ойлаудың арақатынасын түсіндіруде бұлар мынадай пікірде болды. Өз-өздігінен сезімдік елестер мен олардың кез келген үйлесімі тіпті оңай логикалық есепті шешіп бере алмайды. Себебі, есепті шешу үшін берілген міндеттің сезімдік көрінісінен тыс, одан еркін болатын, есептің (міндеттің) шарттары мен талаптары арасындағы қатынастарды ашу мен саналау маңызды болып табылады. Вюрцбурлық мектеп өкілдері ойлаудың басқа психикалық процестерден өзіндік ерекшеліктерін көрсетті: тұтастылығы, белсенділігі, бағыттылығы, бейнесіздігі және т.б. Вюрцбурлық мектептің негізгі идеялары О. Зельцтің еңбектерінде жалғасын тапты. Ол ойлауды интеллектуалдық операциялардың қызмет етуі ретінде анықтады. О. Зельц өз алдына ойлау іс-әрекетінің қандай да бір нәтижесінің жүзеге асуындағы интеллектуалдық іс-әрекеттің әрбір сатысының қызметін анықтау мақсатын қойды. Қатынастарды саналау әрекеті ретіндегі ойлауды түсіндіру үшін оның міндетті шешуде жүзеге асырылатын әрекет немесе операция ретінде қарастыру керек. О. Зельц міндетті шешу барысы мен тәсілдерін сипаттауда үш ұғымды енгізді: арнайы реакция, яғни берілген жайтта қойылған мақсатқа сәйкес келетін объективті қажетті жауап.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}