Вуду

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Вуду (Үлгі:Lang-en) — Африка аумағындағы кейбір елдерде мемлекеттерде мемлекеттік дін болып саналатын Африканың үлттық діні.

Вуду дінінің басты мақсаты аруақтармен байланысты болып келеді. Бұл Гаити аралындағы вуду адамдарынан айқын көрінеді. Қазіргі таңда вуду дінін фон және эве халықтары ғана ұстанады. Әрине басқа халықтардың да діні вуду. Дегенмен кейбір Африка мемлекеттерінде көптеген халық араласып, әркім өз дінін ұсынады. Осының әсерінен вуду дініне басқа діннің рәсімдері кіріп кетеді.

Вуду дінінің лауазымдары

  • Хунган (діни қызметкер) және мамбо (әйел діни қызметкер — олардың қызметтері вуду дініне сәйкес рухтардың көмегімен адамның болашағын болжау.
  • Бокор (сиқыршы) — Қара сиқырмен айналысатын вуду дінінің діни қызметкері.

Қалған діни қызметкерлер вуду дінінің араласқан бөлігінің адамдары болып табылады.

Вуду дініне тән діни рәсімдер

Сурет:JacmelVodou.jpg
Вуду дінінің рәсімі
  • Вуду діні бойынша жамандықтан тек бойтұмар ғана құтқара алады. Олардың бойтұмарлары кішкентай қапшық ішіндегі белгілі бір зат болып келеді. Олар бұл бойтұмарды гри-гри деп атайды.
  • Би және өлең — Вуду дінінің басты рәсімінің бірі.
  • Табынатын жер ретінде олар қарапайым үйді таңдайды. Ең басты табынатын жерлер хунфор،митан болып табылады. Рәсімді бастамас бұрын бес дауылпазшы өлеңді бастап кетеді. Осылайша олар рәсімді ашады.

Вуду дінінің құдайлары

Бондьё

Бондьё французша bon Dieu деген сөзден шыққан. Мағынасы «Жақсы Құдай». Бұл вуду дінінің жоғары сатысында орналасқан құдай болып саналады. Дегенмен бұл құдай адамның істеріне мүлдем араласпайды.

Лоа

Африка тілінде «рухты ұстаздар». Бұл вуду дінінің төменгі сатысында орналасқан құдай болып саналады. Дегенмен вуду дінінің бүкіл рәсімі лоа арқылы жасалады. Себебі олардың діні сиқырмен тығыз байланысты. Ал сиқырды қолдану үшін құдай қажет.

Тағы қараңыз