Вохмянин Владимир Анатольевич

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Вохмянин Владимир Анатольевич1962 жылы 27 қаңтарда Қарағанды облысы Теміртау қаласында туған. Орыс. Әкесі - Вохмянин Анатолий Петрович. Анасы - Вохмянина Александра Никитична. Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітірген (1993), жаттықтырушы-оқытушы.

  • 1993 жылдан - ШҰКД жаттықтырушы-оқытушысы.
  • 2007 жылдан - Кувейт құрамасының жаттықтырушысы.
  • 2001 жылдан бері - оқпен атудан Қазақстан құрама командасының бас жаттықтырушысы.

Спорттық оқпен ату федерациясының вице-президенті. Қазақстан оқушылары спартакиадасының жеңімпазы (1975); КСРО Кубогының қола жүлдегері (1980, Сухуми), 2 мәрте Әлем (1982,1986) және Еуропа чемпионы (1982,1987); оқпен атудан Барселонада өткен XXV Олимпиада ойындарының (1992), Атлантада өткен XXVI Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (1996); XII Азия ойындарының (Хиросима, 1994), оқпен атудан Азия чемпионы (Джакарта, 1995); жеке және топтық командада 4 мәрте КСРО чемпионы; 2 мәрте әлем рекордшысы; Әлем кубогы финалының күміс жүлдегері (Мюн- хен, 1993); Әлем кубогы финалының жеңімпазы (Швейцария, 1996); Әлем кубогының күміс және қола жүлдегері (Лугано, 1997); XI Орталық Азия ойындарының жеңімпазы (1998). Барселонадағы (1992), Атлантадағы (1996) Олимпиада ойындарының қола жүлдегері; 2 мәрте әлем чемпионы (1982, 1986), Еуропа чемгшоны (1982, 1987); Азия чемпионы (1994, 1995, 2000); КСРО 4 мәрте чемпионы; 2 мәрте әлем рекордшысы. ҚР оқпөн ату бойынша Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (1992). «Ерен еңбегі үшін» (1995), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медальдарымен; ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен (2001) марапатталған.

  • Әскери атағы - ҚР шекара әскерінің майоры.
  • Діни көзқарасы - христиан.
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанныңөркендеуі».
  • Хоббиі - бақ өсіру, балық аулау.
  • Үйленген. Жұбайы - Вохмянина Анжелика Николаевна, Спорттық оқпен ату федерациясының бас хатшысы.
  • Ұлдары - Сергей (1982 ж. т.) жәнө Александр (1985 ж. т.) - оқпен атудан 2002 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпиондары.

<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub